Атырау, 28 сәуір 20:12
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Семейде Абайдың ұрпағымен бірге тұрған ескерткіші қойылады

3 127 просмотра

Абайдың 175 жылдығына дайындық аясында Семейде ұлы ақынның атындағы алаңда ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Алаңның бейнесі толықтай өзгермек. Жоба бойынша жиектастарды жаңарту, ақын құрметіне орай қойылған ескерткішті жарықтандыру қарастырылған. Спорт және балалар алаңдары, автокөліктерге арналған тұрақ, субұрқақ салынады. Мердігер «Фирма Азия» ЖШС барлық жұмысты шілдеге дейін аяқтауға уәде етті.

Абай театры мен көрермен залының сыртқы безендірілуіне арналған жобалар әзірлденді. Мерейтой аясында Абай музейі де қайта жаңартылады. Сондай-ақ ақынның ұлдарымен тұрған ескерткіші орнатылады.

-Алғаш рет Абайды ұлдарының ортасында көрсеткіміз келеді. Олар өздерінің ұлы әкелеріне сүйіспеншілікпен және ризашылықпен қарап тұрмақ. Мұндай ескерткіш еш жерде жоқ. Біз әрқашан да Абайға ақын, ойшыл ретінде қараймыз. Ал бұл жерде хакімді қамқор әке ретінде көрсетеміз, - деді Семейге жұмыс сапарымен барған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

ШҚО әкімі ойшылдың мерейтойына арналған шараларды лайықты деңгейде өткізу керектігін айтып, жұмысқа жауапкершілікпен қарауды тапсырды

Дереккөз: Іnform.kz

Сурет ашық дереккөзден алынды

1 мамыр 2020, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.