Атырау, 28 сәуір 17:26
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жапония ТЖ режимін 6 маусымға дейін ұзартуға ниетті

3 035 просмотра

Елдің Премьер-министрі Синдзо Абэ 6 мамырға дейін жарияланған төтенше жағдай режимін бір айға ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Абэ Либералды-демократиялық партияның бас хатшысы Тосихиро Никаимен көздесу барысында осылай деп мәлімдеген. Бірақ ол нақты шешімді тек мамандармен кеңескеннен кейін ғана қабылдайтынын білдірді. Өйткені қазір жергілікті билік режимді мамырдың соңына дейін созу жағын да қарастырып жатыр. 

Бұрын губернаторлар осы бастаманы қолдайтынын мәлім еткен болатын. Олардың пікірінше, 29 сәуір мен 6 мамыр аралығындағы мейрам кезінде ірі қалалардан басқа өңірлерге ағылған тұрғындар легін бақылау оңайға түседі. Егер де шектеу дәл осы уақыттан кейін тоқтатылса, қала тұрғындарының провинцияларға жол жүруі жиілеп, салдарынан коронавирус таралып кетуі мүмкін деген пікірде губернаторлар.

Еске сала кетсек, 16 сәуірде үкімет басшысы 6 мамырға дейін төтенше жағдай режимін енгізген еді. Соңғы мәлімет бойынша, Жапонияда вирус жұқтырғандардың саны 15 мыңға жетіп, 440 кісі аурудан көз жұмған.

Дереккөз: baq.kz

1 мамыр 2020, 08:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.