Атырау, 28 сәуір 13:42
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Карантиннен кейін қазақтың тойы қалай өзгереді?

13 780 просмотра

Қазақстан билігі карантин шараларын жеңілдете бастады. Халық далаға шықты, шектеулер азайды. Жазға қарай мейрамханалар да ашылуы мүмкін. Бірақ халық бұрынғыдай ұлан-асыр той жасай ма? Ондай жиындарға барудан қорықпай ма? Жалпы, карантиннен кейін қазақтың тойы қалай өзгереді? Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген психолог және этнограф мамандар осы сұрақтардың төңірегінде ой өрбітіп көрді.

Тойдың мағынасы өзгереді

Психолог Серікгүл Сәлі карантиннен кейін вирустан қатты қорқатын адамдардың болатынын айтады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, вирустың қаупі сейілген жоқ. Күзде екінші толқыны болуы мүмкін. Екіншіден, вакцина әлі дайын емес. Сондықтан сақтық шараларын қатты сақтайтын адамдар болады. Олар үлкен жиын-тойларға да баруға қорқады. 

"Негізі "маған вирус жұғып кетеді-ау" деген қорқыныш барлық адамға тән емес. Ондай үрей халықтың тек 24 пайызында ғана болады. Басқалары қорықпайды, вирусқа мүлдем сенбейді, оған өтірік деп қарайды. Сондықтан халықтың барлығы бірдей вирустан қорқады деп айта алмаймыз. Белгілі бір бөлігі үрейленеді. Солардың ішінде 5 проценті стрестік жағдайда вирустан ұзақ уақыт қорқып жүреді", - дейді Сәлі.

Маманның ойынша, уақыт өте келе, қорқыныш та бірте-бірте сейіледі. Халық тойға барады. Дегенмен той-домалақтың мағынасы өзгереді. Бұрын қазақ той жасағанда басқадан асып түсуге тырысса, карантиннен кейін тойдың мазмұнына көбірек басымдық беретін болады.  

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

30 сәуір 2020, 18:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.