Атырау, 28 сәуір 17:44
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

COVID-19: тест бағасы қанша?

2 959 просмотра

Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова COVID-19 вирусына қарсы тесттің бағасын жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, ақылы тестер бар. Оны әуе қатынасын пайдаланатын азаматтар міндетті түрде тапсырады. Оның бағасы әртүрлі. Бірнеше зертхана бар. Олар бағаны өздері қояды. Құны 11 000 мен 20 000 теңгенің арасында", - деді Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясымен күрес шараларына қатысып жатқан мамандар тестті тегін тапсырады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, құқық қорғаушылар мен блок-бекеттерде жұмыс істейтін мамандар бар. Бұдан бөлек, науқастармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтарды да тестілеуден тегін өткізеді.

Айта кетейік, ертең, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады. Бұдан бөлек, осы екі қаладан Семей мен Өскеменге жолаушылар тасымалданады. Алайда бортқа отыру үшін COVID-19 вирусына тест тапсырып, тиісті анықтаманы алып келу керек.

Дереккөз:  Sputnik Қазақстан

30 сәуір 2020, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.