Атырау, 6 мамыр 09:46
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ернар Айдар неліктен полиция ұстап әкеткенін түсіндірді

Бейнежазба
3 439 просмотра

Заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырды деген күдікке ілінген әнші Ернар Айдар Instagram-дағы парақшасында алаяқтарға алданып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әнші енді ғана телефонға қолы жеткенін айтып, өзі үшін уайымдап, қолдау көрсетіп, тілекші болып жатқан жұртқа алғысын білдірді.  

"Және осы істің ақ-қарасын ажыратпай, сыртымнан сынап, қаралап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін. Ұтыс ойынын ұйымдастырушылардың барлығы қамауға алынды. Қазір Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - дейді Ернар Айдар.

Ол тергеудің әділ өтуіне өзі де көмек беріп жатқанын атап өтті.

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.