Атырау, 6 мамыр 07:01
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

ҰҚК Алматы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады

3 709 просмотра

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда синтетикалық есірткі сататын ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Алматы аумағында синтетикалық есірткі сататын топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Есірткі сатушы 16 сәуірде ұсталған. ҰҚК Алматы қаласының тұрғынын 300 грамм синтетикалық есірткі сатып жатқан жерінен ұстады.

Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақшаларына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

"Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Комитет соңғы уақытта Алматы қаласының аумағында синтетикалық есірткіні жасырын қолдан жасау және өткізу деректері көбейгенін атап өтті.

Атап айтқанда, синтетикалық есірткі айналымының 16 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 9 келіден астам психотроптық зат пен 986 литр химиялық қоспа алды. Үш жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды.

Есірткі бизнесімен айналысқан 13 адам ұсталып, қылмыстық жауапқа тартылды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

28 сәуір 2020, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.