Атырау, 4 мамыр 02:11
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

«№2 емхананың стоматологияға еш қатысы жоқ»

3 866 просмотра

22 сәуірде «Ақ Жайық» сайтында «Ауруханалар қабылдамады, енді жерлей алмай жүрміз» деген мақала жарияланды. Бұл мақалада шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 Атырау емханасы» КМК-не (бұдан әрі - №2 емхана) қатысты дұрыс емес ақпарат бар екенін хабарлаймыз.

Мақалада: «Таныс жүкті әйелдің бір аптадан астам уақыт бойы тісі қатты ауырған. Қайда емдетуге болатыны туралы ешқандай ақпарат таба алмапты. Ауруы жанына батқан соң №2 стоматологиялық емханаға нартәуекел етіп барған (қалада көлік қозғалысы шектелген еді). Емханада пациентті жедел пульпит деген диагнозбен қабылдап, емдемей, тек ауруын басатын дәрі салатындарын ескерткен. Оған тісіне күшала (мышьяк) салып, емделуге карантиннен кейін келіңіз деген» делінген.

«№2 емхананың» стоматологиялық емхана емес екенін және стоматологиялық қызметпен айналыспайтынын атап өткіміз келеді. Стоматологиялық емхана ретінде белгілі «Стоматология» ЖШС ғимараты «№2 емхананың» артында, Азаттық даңғылы, 32А мекен-жайында орналасқан және ЖШС біздің емханадан тыс, бөлек заңды тұлға ретінде жұмыс істейді.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, осы ақпаратты теріске шығаруды сұраймыз.

«Медикер Жайық» ЖШС филиалының директоры А.Кульниязова

27 сәуір 2020, 20:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.