Атырау, 1 мамыр 12:24
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Сот ішімдікке тыйым салды

3 852 просмотра

Атырауда мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен 35 жастағы тұрғын қамауға алынды. Ішімдік ішкен ол түстеніп отырған кезде  өзінің анасын балағаттап, тіпті қол жұмсаған. Осыдан он күн бұрын соттың шешімімен оған ішімдік ішуге тыйым салынған – иә, Әкімшілік кодексте осындай бап бар екен.

Сотта баласы өз кінәсін мойындағанымен, анасы кешірім бермеді: - Бұл бірінші рет емес, мен кешірмеймін. Соттан мейлінше қатаң жаза қолдануын сұраймын. Прокурор Асқар САДЫҚОВ оны ҚР ӘҚтК-нің 73-2 бабы (Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу) және 669 бабының 2 бөлімімен (Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу) кінәлі деп тауып, 10 тәулікке қамауға алуға өтініш берді. Судья Самал ӘБУҒАЛИЕВА келісіп, сондай шешім шығарды.  

Енді жауапқа тартылған азамат бұзған үйде ішімдік ішуге тыйым салу туралы норманы түсіндіріп көрелік. Әкімшілік құбұзушылық туралы кодекстегі  54 бап (1 б. 4 т.)  өте сирек, әдетте ата-анасы (немесе біреуі) ішімдікке әуес жайсыз отбасыларға қолданылады. Осы бапқа сәйкес сот үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге   ішімшік ішуге мүлде тыйым салуға құқы бар. Бұл талапты бұзғанды дәлелдеу қиын, бірақ осыған жауапқа тартылушы өзі  себепкер болды. 

Фархат ӘБІЛОВ

24 сәуір 2020, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.