Атырау, 1 мамыр 09:15
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырау билігі «саяжай мәселесін» шешуді ойластырып жатыр

3 566 просмотра

Саяжай иелерінің учаскелеріне бару мәселесі келесі аптада шешіледі, - деп сендірді Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ.

Карантин режимінің күшеюіне байланысты саяжай иелері бау-бақшаларын күтіп, жандықтарына қарау үшін қала сыртына шыға алмай қалды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ғана қаладан шығуға рұқсат бар. Шаруа қожалықтарына жатпайтын әуесқой бағбандардың жайы не болмақ?

- Қазір бұл проблема әлі шешілген жоқ. Егер саяжай иелеріне шығуға рұқсат берсек, бұл басқалардың наразылығын тудыруы мүмкін. Бірақ келесі жұмыс аптасынан бастап әкімдік осы мәселені шешеді. Мүмкін саяжай иелері аптасына бір рет, айталық, жексенбі сайын шығуға рұқсат алатын шығар, - деді Қ. Оразбаев. Ол келесі демалыс күндері саяжайларды суару мәселесін шешуге уәде берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 сәуір 2020, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.