Атырау, 1 мамыр 15:46
 бұлттыВ Атырау +16
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Білім беру саласында ақша көп – ұрлық пен жемқорлық та сонда

6 093 просмотра

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің  мәліметтеріне сүйенсек, соңғы екі жылда Атырау облысының орта білім беру саласында 65 жемқорлық құқықбұзушылық фактісі анықталып, көлемі 136,2 млн теңгеге зиян келтірілді.  

«Transparensy International Kazakhstan» қоғамдық ұйымының пайымдауынша, білім беру саласы жемқорлық қылмыс жасалатын салалардың бестігіне кіреді. Расында, бұл салада қаражат көп шоғырланған. Мәселен, Атырау облысының білім беру саласына жыл сайын орта есеппен 72 млрд теңге бөлінеді. Бұл бюджеттің бестен бір бөлігі. Көп кездесетін қылмыстардың  ішінде мемлекеттік сатып алу жолымен ақша ұрлау, қабылданбаған жұмыс актілеріне заңсыз қол қою, тестілеуді заңсыз өткізу, жоғары оқу орнына түсіру үшін пара талап ету бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

23 сәуір 2020, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.