Атырау, 1 мамыр 13:37
 бұлттыВ Атырау +16
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Оқушылардың ыстық тамағына бөлінген ақшаға ноутбук алынады

3 127 просмотра

Қазір мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр. Бұрын олардың ыстық тамағына қаралған қаражат енді үйінде компьютері жоқ оқушыларға ноутбук сатып алуға жұмсалады.

-Әрқайсысы 170 мың теңге тұратын 1500 ноутбук сатып алуды жоспарлап отырмыз. Оқушылардың бұл тобы ноутбукты алдағы уақыттарда да пайдалана алатын болады. Бұл жалпы мемлекеттік бағдарлама, - дейді Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ.

Қала басшысының айтуынша, әзірге компьютер құралын қажет ететін аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды толық қамту мүмкін болмай отыр. Бірақ, бюджет көтере алатын көлемде бұл бағдарлама жалғасады.   

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 сәуір 2020, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.