Атырау, 1 мамыр 12:12
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Облыстық сотқа жаңа төраға тағайындалды

4 641 просмотра

Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құқық қорғау органдары жетекшілеріне жаңадан тағайындалған Атырау облысының Сот төрағасын таныстырды.

"Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Атырау облыстық Сотының төрағасы болып Жұмағұлов Бауыржан Тұрсынұлы тағайындалды.

Бауыржан Тұрсынұлы 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Мамандығы – құқықтанушы, заңгер.

Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында, Ақмола облысының Әділет басқармасында қызмет атқарып, 1999-2002 жылдары Астана қаласының соты, 2002-2006 жылдары Атырау облысы Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып қызмет етті. 

2011-2012 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының аппаратында және 2012 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотында жұмыс істеді. 

Ал бұған дейін Атырау облыстық Сот төрағасы болған Марғұлан  Бектұрғанов ҚР Жоғарғы Сотына басқа қызметке ауысты" деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

22 сәуір 2020, 21:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.