Атырау, 1 мамыр 03:21
 бұлттыВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Мотоциклмен бір кеште алты бап бұзды

Бейнежазба
3 738 просмотра

Әлеуметтік желіде музыка әуенімен түнгі Атыраудың бос көшелерін едәуір жылдамдықпен кесіп өткен мотоциклшы түсірген ролик пайда болды. Орталық көпірден ТШО кеңсесіне қарай түсетін жерде оны жол-патрульдік полиция қызметкері тоқтатпақ болады, бірақ ол жылдамдықты үдете түседі.

Кешікпей, 19 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің алты бабы: 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу), 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 596-бабы (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу), 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту), 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) және 613-бабы (Полиция қызметкерінің талаптарын орындамау) бойынша хаттама толтырылды.

- Қазіргі уақытта мотоцикл айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты барлық материал әкімшілік сотқа жолданды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

22 сәуір 2020, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.