Атырау, 3 мамыр 20:29
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырауда карантин кезеңінде барлық ұйымдардың қызметі тоқтатылды

2 649 просмотра

Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің №31 қаулысы күшіне енді, онда карантин кезеңінде 2020 жылдың 15 сәуірінен 1 мамырына дейін енгізілген жаңа шектеу шаралары белгіленген.

Бұл туралы Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев айтты. Спикердің айтуынша, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Кәсіпорындарға шектеу шаралары үстіміздегі жылдың 17 сәуірінен бастап енгізіледі.

Бас санитарлық дәрігердің № 31 қаулысы қол қойылған сәттен - 14 сәуірден бастап күшіне енді, 2020 жылдың 1 мамырына дейін жарамды.

Карантин кезеңінде қызметін жүзеге асыруға рұқсат етілген ұйымдардың қызмет саласының тізімі:

1. Атырау облысындағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары және оларға бағынышты ұйымдар, сот органдары.

2. Денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде:

2.1. Дәріхана жанындағы процедура кабинеттерін қоспағанда, медициналық мекемелер (ауруханалар, емханалар);

2.2. Зертханалық қызмет;

2.3. Фармацевтикалық компания мен дәріханалар;

2.4. Атырау қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен келісім бойынша қорғаныс маскасын, дезинфекциялық құрал, антисептик шығаратын кәсіпорындар.

3. Сауда желісі, азық-түлік базарлары, гипермаркет, супермаркет пен ірі азық-түлік дүкендері, азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды сататын сауда орталықтарындағы азық-түлік дүкендеріне сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Көп пәтерлі үйлерде және тұрғын аудандарда орналасқан дүкендерге сағат 06.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

4. Ветеринариялық қызметтер.

5. Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, соның ішінде:

5.1. Электр энергетикалық компаниялар (өндіруші, тасымалдаушы, бөлшек жеткізушілер);

5.2. Газ, су, жылумен жабдықтау, су бұру (өндіруші, тасымалдаушы, бөлшек жеткізушілер);

5.3. Өртке қарсы және апаттан құтқару қызметтері;

5.4. Қаланы санитарлық тазарту және тұрғын үй қорын басқару саласындағы компаниялар (басқару компаниялары, ПИК, лифтіге қызмет көрсететін компаниялар);

5.5. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау қызметтерін ұсынатын компаниялар;

5.6. Жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдар қызметін қамтамасыз ететін ұйымдар;

5.7. Телекоммуникация және байланыс саласындағы компаниялар;

5.8. Пошта және курьерлік қызмет саласындағы компаниялар;

5.9. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Атырау қ., «ҰАТ» АҚ филиалы.

6. ҚР Ұлттық Банкінің филиалы, екінші деңгейдегі банк филиалдары, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау, банкомат, терминал, Интернет және мобильді банкинг, банк операциялары ерекше қызметі болып табылатын заңды тұлғалар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, төлем ұйымдары.

7. Нотариус, адвокаттық кеңселер (жедел штаб бекіткен кестеге сәйкес).

8. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қызмет көрсететін кәсіпорындар (күзет агенттіктері).

9. Бұқаралық ақпарат құралдары.

10. Жанармай және газ құю бекеттері.

11. Келесі саладағы кәсіпкерлік субъектілері:

11.1. Мұнай-химия, химия саласы және мұнай өнімдерін өндіру;

11.2. Индустриалды және арнайы экономикалық аймақ субъектілері;

11.3. Наубайхана, кондитерлік кәсіпорындар;

11.4. Тамақ өнеркәсібі және осы тауарлар үшін орауыш материалдарын өндіру;

11.5. Орауыш материалдарды өндіруді қоса алғанда дәрі-дәрмек препараттарын өндіру;

11.6. Медициналық жабдықтар мен медициналық құралдар, санитарлық гигиена өнімдері;

11.7. Тамақ өнімдерін сертификаттау;

11.8. Өндіріс, тамақ өнімдері, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдар үшін шикізатты жинау және бөлу;

11.9. Тасымалдаушы ұйымдар мен жүк тасымалдаушылар;

11.10. Мал мен құсқа арналған жем-шөп және дәрі-дәрмектер;

11.11. Орама материалдарын өндіру (соның ішінде, қағаз орамасын).

11.12. Әуежай және әуе акомпаниясы қызметі;

12. АӨК, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, жылыжай кешендері саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар (санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып).

13. Басқа маңызды қызметтер, соның ішінде:

13.1. Азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу бойынша қызметтер;

13.2. Қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметі (мейрамхана, дәмхана, бар, асхана және басқалар) жеткізу және дайындау орындарында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06: 00-ден 20:00-ге дейін онлайн тапсырыстармен үйге тамақ жеткізу режиміне көшеді;

13.3. Сауда-логистикалық орталықтар, көлік-логистикалық фирмалар, қоймалар, азық-түлік, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың дистрибуциясы.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

15 сәуір 2020, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.