Атырау, 3 мамыр 21:37
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырауда қазір ХҚКО қалай жұмыс істеп жатыр

3 943 просмотра

Электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн режимінде рәсімдеуге болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы »АҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Марат ЗАБЫХАН ӨКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, ХҚКО-лар қазіргі уақытта азаматтарды қабылдамайды. Бірақ Азаттық, 96 «б» мекенжайында орналасқан №3 филиалдан дайын құжаттарын алып кете алады. Жүргізуші куәлігін, көлік құралдарының құжаттарын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан алады. Қашықтағы форматта қызмет алу үшін азаматтарға электронды цифрлық қолтаңба қажет, оның рәсімдеу бұған дейін де көптеген сұрақтар тудырған еді.

- Енді ЭЦҚ-ны egov.kz порталы арқылы онлайн-өтінім беріп алуға болады. Ол үшін сізге веб-камерасы бар компьютер қажет болады, өйткені ХҚКО-ның интернет операторлары халыққа бейне байланыс арқылы қызмет көрсетеді және жеке тұлғаны анықтау үшін қызмет алушыны көруі керек. Мамандар өтініш берушінің жеке куәлігіндегі сурет пен веб-камерадағы бейнені жалпы дерекқор арқылы салыстырады. Бұл қызметті ұялы телефон арқылы да алуға болады, - деді М. Забыхан.

Сондай-ақ, онлайн режимінде туу туралы куәлік пен қайтыс болу туралы куәлікті рәсімдеуге, жеке куәлікті ауыстыруға, жәрдемақы алуға, балабақшаға кезекке тұруға және басқа қызметтерге тапсырыс беруге болады. Жаңа жеке куәлік алу үшін eGov.kz порталына 3,5х4,5 пішіндегі суретті жолдап, электронды қол қою қажет.

- Бала дүниеге келгеннен кейін анасының телефонына құттықтау SMS-хабарламасы келеді. Ұялы телефон арқылы ол онлайн режимінде туу туралы куәлік алуға, сондай-ақ баланың тууына байланысты жәрдемақы мен оған бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы алуға, балабақшаға кезекке тұруға өтінім жолдай алады, - дейді М.Забыхан.

Сондай-ақ, ол 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға күн сайын 8-10 мың өтініш келіп түсетінін айтты. Алғашқы күндері қолданушылардың көптігі дерекқордың техникалық ақауларына және қателіктерге әкелді. Бірақ Telegram каналында Қазақстанның барлық облыстарын бөлген соң жүйенің жүгі жеңілдеген. Азаматтар әлеуметтік төлемдер алуға сұранымды egov.kz порталы, сондай-ақ Telegram қосымшасы арқылы жібере алады. ХҚКО өкілі төтенше жағдай кезінде тұрақты кірісі бар адамдардың әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақы алуға құқығы жоқ екенін еске салды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 сәуір 2020, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.