Атырау, 3 мамыр 20:36
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Жұмыс пен үйге жеткізетін арнайы автобустар шығады

3 386 просмотра

16 сәуірден бастап Атырау қаласында қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылуына байланысты, қала әкімдігі мемлекеттік мекеме мен қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлерін жұмыс орнына дейін және кері тасымалдау үшін уақытша 6 арнайы автобус маршрутын ұйымдастырды.

«Тасымалдау Әкімдіктен» деген жазуы бар арнайы автобустар қозғалыс маршруты аяқталғанша 07:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін жүреді, яғни жүргізуші маршрут бойынша барлық аялдамада тоқтай отырып, жұмысын соңғы аялдамада аяқтауға міндетті. Қозғалыс аралығы: 20-25 минут. Бұл автобустар тек жұмыс орнынан растайтын құжатты және жеке куәлігін ұсынған жолаушылар үшін ғана қызмет көрсетеді.

Нұрсая ықшам ауданы – Бейбарыс даңғылы – Маденов к. – Сарайшық – Әбілқайыр хан – Құрманғазы к. – Жастар к. – Владимирский к. – Әуезов к. – Азаттық даңғылы – Махамбет к. – Баймұханов к. – т/ж вокзалы;

Балықшы – Құнанбаев к. – Азаттық даңғылы – Махамбет к. – Баймұқанов к. - т/ж вокзалы;

Бесікті ауылы – Талқайраң – Ақжар – Ақсай – Томарлы – Геолог – Амандосов к. – Баймұқанов к. – т/ж вокзалы;

Дамба ауылы – Құрманғазы – Амангелді – Курилкино – Балықшы – Құнанбаев к. – Азаттық даңғылы – Махамбет к. – Бейбарыс даңғылы – т/ж вокзалы;

Еркінқала – Жастар к. – Құрманғазы к. – Сәтпаев к. – Абай к. – Махамбет к. – Баймұқанов к. – т/ж вокзалы;

Теміржол вокзалы – Баймұқанов к. – Амандосов – айналма жол – Тайманов к. – Бегілдинов к. – Құрманғазы к. – Бейбарыс даңғылы – Мәденов к. – Сарайшық – Әбілқайыр хан к. – Құрманғазы к. – Жастар к. – Сатыбалдиев к. – Құнанбаев к. – Азаттық даңғылы – Датов к. – Баймұқанов к. – т/ж вокзалы. 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

16 сәуір 2020, 00:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.