Атырау, 4 мамыр 08:31
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Кешеден бері АМӨЗ маңындағы өртенген қамыс өшірілуде

Толықтырылды
3 189 просмотра

Атырауда мұнай өңдеу зауыты маңында кепкен қамыс кешеден бері өртеніп жатыр. Өрт аумағы - шамамен екі гектар.

-Шақырту кешкі сағат 21.51-де түсті. Таңғы 6-ға дейін 700 шаршы метр жердегі өртті сөндірдік, бірақ өрттің ошағына  техника әлі жеткен жоқ,  - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі. - Сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Кейін хабарлағандай, өрт шалған жердің көлемі 45 гектарға жетті. Өртті сөндіруге ТЖД 18 қызметкері және 3 арнайы техника қатысты. Өрт 15 сәурде сағат 17.47-де өшірілді. 

Фархат ӘБІЛОВ

Сурет «АЖ» оқырмандарынан

15 сәуір 2020, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.