Атырау, 6 мамыр 07:26
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бірі үйінде отырса, енді бірі бөгет-бекеттен қалай өтіп кетемін деп басын қатыруда

3 701 просмотра


Атырау облысында 2 және 8 сәуір аралығында карантин режимін бұзып, бөгет-бекеттерді айналып өтпек болған бірнеше адам полиция қызметкерлеріне ұсталып қалды.

Олар Атырау қаласының кіре берісінде орналасқан Алмалы, Сарыөзек, Бесікті бөгет-бекеттері маңайындағы қара жолда тоқтатылды. Видеода көрсетілгендей, ұсталған адамдар түрлі негізсіз  сылтауларды алға тартуда.  

-Кейбір адамдар елдегі ТЖ байланысты тәртіпке атүсті қарауда. Карантин аймағы шекарасын жаяу кесіп өтпек болған алты адам және жеңіл көліктерін пайдаланған 13 жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметкері Гүлназира МҰХТАРОВА. - Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 476 бабымен («Төтенше жағдай режимін бұзу») әкімшілік хаттама толтырылып, істері сотқа жолданды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 сәуір 2020, 20:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.