Атырау, 3 мамыр 03:18
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

2 сәуір түн ортасында Атырау толық жабылады

Сурет
7 224 просмотра


Бүгін, 30 наурыздан бастап Атырау карантинге жабылды. Астрахан, Орал, Құлсары және Индер жақтан мұнайлы астанаға кіре берісте 4 бақылау-өткізу бекеті орнатылды. Қалада болмаған атыраулықтардың 2 сәуірге дейін (қоса есептемегенде) үйлеріне қайтуға, ал басқа қала тұрғындарына шығуға уақыты бар. «АЖ» тілшісі «Атырау-Махамбет-Индер» трассасында орналасқан бақылау-өткізу бекетіне барып қайтты.


Ең үлкен бекет - «Бесікті» бекеті, осы трасса үстімен Маңғыстаудан басқа облыстардан Атырауға көліктер өтеді. 


Бұл жерде полицейлер, жедел әрекет ету арнайы жасағының, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қызметкерлері , санитарлық-эпидемиология қызметкерлері кезекшілік етуде. Барлығы маскамен және қолғаппен жарақталған.


Қазір негізінен қалаға немесе аудандарға «оралушылар», сонымен қатар, 1 сәуір сағат 23.59-ға дейін өз жұмыстарын жасап үлгеруге тырысқан адамдар өтіп жатыр. Полицейлер барлығына азық-түлік өнімдері мен аса қажетті тауарлар тиеген көліктерді қоспағанда, Атыраудың түгел жабылатындығын ескертті.


Ерлан БИҒАМБАЕВ

- Біз азаматтарды қозғалу бағыттарын алдын-ала жоспарлап, түзетуге, төтенше жағдай ережелерін қатаң сақтауға және ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сөзсіз орындауға шақырамыз, - дейді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

30 наурыз 2020, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.