Атырау, 4 мамыр 08:05
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Полиция, әйел және жағымсыз бейнежазба

7 926 просмотра


Әлеуметтік желіде Атыраудың бір тұрғыны ҚР Ішкі істер министріне жолдаған  бейнеүндеуі тарады. Онда ол полиция қызметкерлерін заңсыз тоқтатты және  қол жұмсады деп кінәлайды. Кадрда әйел полицейге ұрысқаны, ал полицей оны қызметтік планшетке түсіргені анық көрінеді. Әйелді қалалық полиция бөлімшесіне жеткізіп, сол жерде күштеп телефонын тартып алады.

Белгілі болғандай, полицейлер әйелді уақытша қамау камерасына орналастырған. Бірақ прокуратура қызметкерлері араласқаннан кейін оны босатқан.

Атырау облысы полиция департаментінің өз дәлелі бар.

- 15 наурыз күні сағат 21.30-да Атырау ықшамауданында патрульдік полиция қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ВАЗ-21010 жүргізушісін тоқтатты. ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2 бөлігі (Қауіпсіздік белдіктерін тағу ережесін сақтамау) бойынша хаттама ресімдеу кезінде жүргізуші өзінің танысына қоңырау шалды. Танысы келіп хаттамаға қол қоймауды талап етті. Сондай-ақ өз қызметтік міндетін орындауға полиция қызметкерлеріне жан-жақты, яғни, ереже бұзған жүргізушіге хаттама толтыруға және оның құқықтарын түсіндіруге кедергі жасады, - дейді полиция қызметкерлері.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны ВАЗ-21010 автокөлігіндегі видеорегистраторға да жазылып қалған.

-Нәтижесінде, жүргізуші хаттамаға қол қойып, кетіп қалды. Ал оның 36 жасар танысы ҚПБ-ға жеткізіліп, үстінен ҚР ӘҚБтК 667 бабымен (Құқыққорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) хаттама толтырылып, әкімшілік сот қаулысымен оған 20 АЕК (53020 теңге) көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Атырау облысының Полиция департаментінде.

«АЖ» тілшісінің қызметтік тексеріс жүргізіле ме, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне тұрғындарды қызметтік планшетке түсіруге бола ма деген сауалдары жауапсыз қалды.


Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

19 наурыз 2020, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.