Атырау, 27 сәуір 21:07
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Орталық мешіт қауіпсіздік шараларын күшейтті

3 257 просмотра


Облыстық орталық мешітте және Атырау облысының барлық мешіттерінде арнайы қызметтердің қатысуымен залалсыздандыру жұмыстары қолға алынып, күн сайын жүргізілетін болады. Бұл туралы облыстық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирусқа қарсы арнайы шаралардың енгізілуіне байланысты келушілердің саны едәуір азайды. Ал жұма намазына қатысушыларға және басқаларға келесі шараларды сақтау сұралады:

- медициналық маска киюді ұмытпау;

- намаздан тыс уақытта мешітке жиналмау;

- дәретті үйден алып келу;

- қол алысудан бас тарту;

- намаздан кейін мешіттен тезірек шығу;

- кәмелетке толмаған балаларды намазға әкелмеу;

- қарт адамдарға, науқастарға және әйелдерге намазға келмеген жөн.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

16 наурыз 2020, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.