Атырау, 28 сәуір 03:22
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Коронавирус. Атыраудағы төтенше жағдай

Шұғыл Толықтырылды
13 137 просмотра


Ертең, 16 наурызда, Қазақстанда коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізіледі. Ертең президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ азаматтарға арнайы үндеу жасайды деп күтілуде.

Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» Заңының толық мәліметімен мына жерден танысуға болады.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі базарлар мен азық-түлік дүкендері әзірге штаттық режимде жұмыс істейді деп мәлімдеді.

Атырау облысында мұнай кәсіпорындарында жұмыс істейтін азаматтардың жұмысына төтенше жағдайдың қалай әсер ететіні белгісіз. Сонымен қатар, қаладағы балабақшалардың жұмысы туралы әлі шешім жоқ. Осы мәселелер бойынша біз компаниялардың және Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметтерінен жауап күтеміз.

****

Рейстердің азаюына байланысты, 16 наурыздан бастап тоқтатылған рейстерге билеттері бар жолаушылар билеттерін сатып алған жерлеріне қайтара алады. Жолаушылар барлық сұрақтар бойынша төмендегі нөмірлер арқылы әуе компанияларына хабарласа алады:

«Turkish Airlines»: +7 727 3123250, 51, тәулік бойы;

«Белавиа»: +7 7172 320241, сағат 9-00-ден бастап 19.00-ге дейін;

«Fly Dubai»: +7 800 070 2833, (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), тәулік бойы;

«Etihad Airways»: +7 800 5556248, тәулік бойы;

«Pegasus Airlines»: +7 705 5558444, тәулік бойы;

«Uzbekistan Airways»: +7 7172 910459, 60; сағат 9.00-ден бастап 18-00-ге дейін;

«Эйр Астана»: +7 7172 584477, +7 727 2444477, +7 702 7024477, тәулік бойы;

«SCAT»: +7 7252 998880, тәулік бойы.

Жолаушылар үшін тоқтатылған және шектелген тұрақты бағыттарға қатысты сұрақтар бойынша кеңес алу үшін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-да 8 (7172) 64 58 41 нөмірі бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді. 

***

Қазақстанда коронавирустың тағы бір жағдайы Алматы қаласында тіркелді.

Бүгінде елімізде коронавирустың 9 жағдайы тіркелді, оның ішінде Алматыда - 7, Нұр-Сұлтанда - 2 жағдай. Стационарлық карантинде - 1644 адам, үй карантинінде - 628 адам.

***

16 наурыздан бастап «Байзаар» сауда орталығы жабылады. «Marco» гипермаркеті мен "Зелёная аптека»  жұмыс істейді.

***

ҚР СІМ Қазақстан Республикасының аумағына кіруді және оның аумағынан шығуды шектеу бойынша қабылданған шараларды түсіндірді.

"Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 16 наурыздағы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оның қолданылу кезеңінде келесі шаралар қабылданатын болады:

1. Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне - шығуына шектеу енгізілетін болады. Төмендегі жағдайлардан басқа:

бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келген Қазақстан Республикасының азаматтары; 

денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына кірген және елден шығатын шетелдіктер;

еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;

поездық және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері; 

Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал; 

шектеулерді енгізгенге дейін (2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін) жолға шыққан және транзиттік жолаушылар поезымен жолда келе жатқан шетелдіктер; 

Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар); 

Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шет ел азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары). 

2. Тараптар азаматтарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жүгінген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге сәйкес жұмыс істейтін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу орындары арқылы жергілікті тұрғындарды өткізу тоқтатыла тұрсын. 

Трансшекаралық құрылыстар – мемлекеттік шекараны кесіп өтетін темір жолдар, автомобиль жолдары, құбырлар, электр беру желілері, кабельдер, көпірлер, бөгеттер, шлюздер, су арналарының құрылыстары және басқа да құрылыстар, сондай-ақ Тараптардың бірінің шекара маңындағы аумақ (шекара аймағы) шегінде, екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы объектілері".

***

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  елдегі төтенше жағдай тәртібін ескере отырып және өз қызметкерлері мен барлық мүдделі тараптары алдындағы жауапкершілігін терең түсініп, сондай-ақ ашықтық пен айқындық қағидаттарын басшылыққа алып, Компанияда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар кешенін қабылдағаны туралы хабарлайды.

Бірінші кезекте жұртшылыққа Компанияның орталық аппаратының екі қызметкері коронавирустық инфекцияны жұктыруы мүмкін деген күдік болғанын хабарлауды жөн көрдік. Қызметкерлердің біреуі Франкфурттен Нұр-Сұлтан қаласына келген рейсте коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге бір ұшақта болды. Екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған болатын. Қызметкерлер алгоритмге сәйкес COVID-19 бар-жоқтығын анықтау үшін тест тапсырды, оның нәтижелері теріс болып шықты. «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша шаралар енгізу туралы» Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес аталған қызметкерлер «ықтимал байланыс» санатына жатқызылды. Қазіргі уақытта олар үйдегі карантинге орналастырылды.

Сонымен бірге, ҚМГ компаниялары тобы қызметкерлерінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатқанын хабарлаймыз:

офистік және өндірістік ғимараттарда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Қызметкерлер арасында жеке гигиенаны сақтау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары өткізілуде; ҚМГ компаниялары тобы бойынша қызметкерлердің Қазақстан аумағында, сондай-ақ шетелге іссапарлардың барлығына тыйым салынды; барлық көпшілік іс-шаралар тоқтатылды; өндірісте адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекция жүргізу, сондай-ақ қызметкерлердің дене қызуын өлшеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда; әкімшілік қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысуда; орталық аппарат пен барлық еншілес ұйымдарда арнайы жедел штабтар құрылды. ҚМГ үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі және үздіксіз өндірістік қызметті қамтамасыз ету ерекше басымдыққа ие екенін атап өтеміз.

2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға шалдыққан қызметкерлер анықталмады. ҚМГ-ның барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Бұдан басқа, мұнай мен газ өндіру, тасымалдау және мұнай өңдеу зауыттарындағы жұмыс қалыпты жағдайда жүзеге асырылып жатқанын хабарлаймыз. Мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалмайды.

***

«БЖЗҚ» Атырау облыстық филиалы бөлімшесі елдегі төтенше жағдайға байланысты алыстан (қашықтан) қызмет көрсету режиміне көшеді.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері және «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерін қашықтықтан алу бойынша кеңестерді төмендегі құралдар арқылы алуға болады:

  • Қордың байланыс орталығына 1418  нөмірі арқылы;
  • +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp, Viber-дегі чат-бот, Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілері арқылы;
  • www.enpf.kz корпоративтік сайтындан онлайн-кеңесші арқылы.

- enpf@enpf.kz электронды поштасына сұраныстар жіберу арқылы;

- әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы;

- қордың онлайн қызметтерін ENPF мобильді қосымшасы және қордың сайтындағы жеке кабинет арқылы алуға болады.

***

Жаңалық жаңартылады.

15 наурыз 2020, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.