Атырау тергеу изоляторының (УГ-157/1) сәлем-саухат қабылдау бөлмесінде «ломбард» ісі бойынша қамауға алынған 24 жасар тергелушіге үйінен әкелінген шалбардың артқы қалтасынан 45500 теңге табылып тәркіленді.
- 25 жастағы жергілікті тұрғын ақшаны заңсыз жолмен өткізгісі келген. Оған ҚР ӘҚтК 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды, - дейді УГ-157/1 күзет бөлімінің бастығы Дәулет РАХМЕТОВ.
«АЖ» ақпараты бойынша, бұл ақша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іске қатысты тергеуде отырған «HOME AVTO INVEST» ЖШС ломбардының директорына берілмек болған екен.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі ұсынды