Атырау, 28 сәуір 20:23
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​1 сәуірден бастап астанаға пойыз күнде жүреді

5 802 просмотра



«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 сәуірден бастап «Нұр-Сұлтан-Атырау-Нұр-Сұлтан» маршруты бойынша тағы бір пойызды жолға шығарады.

1 сәуірден бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан тұратын Нұр-Сұлтан-Атырау бағытына қатынайтын №19/20 жаңа жолаушылар пойызы тағайындалады. Ол күнара тақ күндері «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан жөнелтіледі, - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінде.

1 сәуір сағат 18.40 (Атырау уақыты) «Тальго» Нұр-Сұлтан вокзалынан жөнелтіліп, 2 сәуірде сағат 19.40-та Атырауға келеді. Сол күні бір сағаттан кейін (20.45) пойыз астана бағытына жолға шығып, келесі күні 3 сәуірде 23.37-де жетеді. Әрі қарай осы кесте бойынша жалғаса береді, жұп күндері әрі қарай, тақ күндері бері қарай жолға шығады.

Жаңа теміржол рейсіне билеттің құны 14 мың теңгеден басталады.

«Тальго» Атырау мен астана аралығына қатынайтын екінші пойыз болады. Айта кету керек, 2013 жылдың 24 қазан айынан осы маршрут бойынша «Тальго» жүретін еді, кейін оны фирмалық пойызға ауыстырды және ол тақ күндері жөнелтіледі. Енді 1 сәуірден бастап астанаға пойыз күнде жүретін болды. 

Фархат ӘБІЛОВ

9 наурыз 2020, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.