Атырау, 28 сәуір 09:46
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Біздің сүйікті қаламызда вандализм «гүлдене» бере ме, әлде толастай ма?

PR
5 720 просмотра


Сүйікті қаламыз Атыраудағы  басты алаң қайта жаңартылып, халық игілігіне пайдалануға берілген бойда вандализм әрекеттері көрініс тапты. Газондар тапталып,  гүлзарларда отырғызылған гүлдер жұлынды.

Мердігер мекеме осы олқылықтардың орнын толтырып, қайта қалпына  келтірді.

Ал одан соң тіптен сорақылыққа бой алдырды. Вандалдардың қаптама кірпіштерді сындырып қана қоймай, үлкен күш жұмсауды қажет ететін мәрмәр және гранит кірпіштердің бұрыштарын бұзуы тек жеккөрушіліктен туындайтын зұлымдықтың көрінісіндей.

Онда да мердігер мекеме жұмысшылары бұзылған, бүлінген жерлерді қайтадан бастапқы қалпына келтіріп шықты.

Әйтсе де, атыраулықтардың вандалдық әрекеттері толастар емес, бұндай өрескелдіктерді қала қонақтары жасайды деп ойламаймыз.

Әрбір жергілікті тұрғынның өзі туып-өскен немесе тұратын мекенінде қаланың көркін келтіретін орындардың сақталуына жаны ашитын, мәдени-көпшілік жерлердің  адамның қолымен бұзылуына төзбеуге тәрбиелейтін отансүйгіштігі, ішкі  жандүниесі болмаушы ма ед!?

«Балалар-біздің айнамыз», сондықтан олар үлкендерден көргенін қайталайды. Олай болса біздер, үлкендер, ішкі түйсігі таза да тұнық жасөспірімдеріміздің бойына вандализмнің бүр жаруына жол бермейік! Тоқтаусыз орын алып келе жатқан вандализм деректері түбірімен жойылуы тиіс!

Құрметті атыраулықтар!

Өз әрекеттерімен қоғамдық құндылықтарды, біздің жағдайымызда қаламыздағы орталық алаңның құрылыс-сәулеттік келбетін бүлдіру, бұзу, т.б. осындай  бұзақылықты көрсеңіздер, немқұрайлы болмаңыздар!

Вандализм – қоғамға және мәдени құндылықтарға дұшпандық пен жеккөрушілікті білдіретін, оларға зиян келтіретін , тұтастай алғанда қоғамға қауіп төндіретін,  заңға  қарсы агрессиялық  мінез-құлық немесе іс-әрекет.

Бас мердігер – «БатысАльянсСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаланың негізгі алаңы саналатын Исатай-Махамбет  алаңында орналасқан мәдени ескеркіштер мен барлық атрибуттарға қатысты вандализм актілерін тоқтатуға шақырып, Үндеу жолдайды. Біз Атырау қаласы тұрғындары мен қонақтарының игілігі үшін өзінің түр-сипатымен, сұлу келбетімен қуанышқа бөлейтін қаланың бас алаңын қайта жаңғыртып, құрылысын салдық. Бұл – жобалаушылардан бастап, көптеген маман құрылысшылар мен  жұмысшылардың – жүздеген адамдардың еңбегі.

Біз қала тұрғындарын қаланың иесі деп білеміз. Қаланың келбетіне көрік беретін орынның шын қожайыны да қала халқы деп танимыз. Сол себепті де алаң өте жайлы, әдемі демалыс, серуен жасайтын орынның бастапқы кейпі сақталып тұрса, келушілер де көбейеді.

Жақсы қожайын өз мүлкінің ешқандай бүлінуі мен бұзылуына жол бермесе керек. Орталық алаңды «Қожайыны жақсы орын» деп танытуға атсалысайық!   

«БатысАльянсСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жарнама құқығы негізінде

6 наурыз 2020, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған