Атырау, 27 сәуір 23:41
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ауру малдың «қамы»

4 063 просмотра


Қызылқоға ауданында малдағы бруцеллез ауруының негізгі ошағын әлі де жою мүмкін болмай тұр. Негізгі себептердің бірі -  жергілікті мал иелері малға төленетін өтемақымен келіспегендіктен ауру малды жасырып қалады.

- Бүгінде аудан бойынша 2602 ірі қараның 39-ы, ал 3022 қой-ешкінің 16-сында бруцеллез ауруы анықталды.  Алдыңғы жылдармен салыстырғанда ауру саны төмендеп келеді. Адамдар арасында бұл дертпен ауырғандар тіркелген жоқ, ал 2018 жылы 14, 2019 жылы 6 адам жұқтырған еді, – дейді аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Серікбай ЛАТИЕВ.

2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында аудан бойынша 19800 ірі қара, 70 мың қой-ешкіден бруцеллезге қатысты тексеру жоспарлануда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 наурыз 2020, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.