Атырау, 28 сәуір 14:28
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырау медицинасының "ерекше" тұстары

Толықтырылды
3 424 просмотра



«Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдері өткізген тексерістер кезінде облыстық денсаулық сақтау мекемелерінде өрескел бұзушылықтарды анықтады. Мәселен, жаңа туған нәрестелерді өкпе аурымен ауыратын науқастармен қатар қабылдаса, жүйке жүйесі ауруымен ауыратын науқастарды матрасы салынбаған темір кереуетте ұйықтауға мәжбүрлеген.

Анықталған бұзушылықтардың бірқатарын атап өтейік.

Атырау облыстық балалар тіс емханасында кезекте тұратындар саны көп және науқастарға арналған орындықтар жоқ, бірі қабырғаға сүйеніп тұрса, екіншісі тізесін бүгіп отыра кетеді.

№2 Атырау қалалық емханасында мүгедек келіп, пандуста орнатылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоңырау тетігін басқанда, дәрігер шықпаған.

№4 емханада дәрігерлер бір уақытта бірден екі науқасты қабылдап жатты.  

Еркінқаланың ауруханасында кішкентай сәбилерді өкпе аурымен ауыратын науқастармен бірге қарайды екен.

Ал Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында асхана қызметкерлері тазалық талаптарын сақталмайды. Одан қалса, науқастар темір кереуетте матрассыз ұйықтап, тіпті бір кереуетке екі адам орналастырылған.

Осы мақала жарияланғаннан кейін «АЖ»-ға «Медикер Жайық» ЖШС филиалының «Qamqor QP2» (№2 емхана) директоры Айгүл КУЛЬНИЯЗОВА хабарласты. Оның айтуынша, пандуста орнатылған дәрігер шақыртатын қоңырау жұмыс жасап тұр, ал «Атырау – адалдық алаңы» өкілдері оны баспаған. Осыны «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңесіндегілер де растады. 


Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

6 наурыз 2020, 00:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.