Атырау, 28 сәуір 19:17
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Күзетші тонаушыдан қорғап қалды

Бейнежазба
3 863 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр
Атырауда №3 емхананың (Привокзальный ықшам ауданы) қақпасы алдында әлдебір тонаушы жас қыздың сөмкесін тартып алған. Емхана күзетшісі дер кезінде оған көмекке келді. Әлеуметтік желілерге тарап кеткен бейнежазбаға сүйенсек, ашу қысқан қылмыскер сөмкені қызға бере салып, күзетшіге тап беріп, жұдырығын ала жүгіреді.


Емхана ауласындағы төбелесті сол жердегі куәгерлердің шақыртуымен келген полицейлер тоқтатып, қасқүнемді ұстады.

- Қазіргі кезде 30 жастағы күдіктіге қатысты 191-бабының 1-тармағы (Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы бап бойынша жазалардың ауқымы кең – айыппұлдан бастап 4 жылға бас бостандығынан айыруға дейін жаза беріледі.


Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілердегі бейнежазба

5 наурыз 2020, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.