Атырау, 6 мамыр 11:01
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Демперде жоқ, бірақ сабыр сақтаңыздар!

3 871 просмотра


Әлемде COVID-19 коронавирусының жаппай таралуына байланысты Қазақстанда алдын-алу шаралары жүргізілуде. 2 наурыздан бастап Атырауда мектеп директорларына қалалық білім бөлімі коронавирус тақырыбына сынып сағаттарын өткізу, ақпарат бұрыштарын ұйымдастыру, зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету және оқушылар мен мұғалімдерге медициналық демперде тағу жөніндегі хабарламасын таратты. Бұл хабарлама 27 ақпандағы ҚР Ғылым және білім министрлігінің хатын негізге алып жазылды.

Сынып жетекшілері ата-аналардан балаларына демперде сатып алуды өтінді, алайда тұрғындар қала дәріханаларынан таба алмай жүр.

«АЖ» тілшісі Сәтпаев даңғылы бойындағы дәріханаларды аралап көрді, сатылымда демперде жоқ болып шықты. Тек бір ғана дәріханада түстен кейін болатынын және бесеуден артық сатылмайтынын айтты.

Біз қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза ШАНГЕРЕЕВАҒА енді ата-аналар не істейді деген сауалмен хабарласып көрдік. Қаланың бас педагогы бұл жағдайды білетінін айтты. Ол ата-аналарға үйден дәкеден немесе қағаз майлықтардан қорғаныш демперделерін жасауды ұсынды.

"Орын алған жағдайға байланысты оқу мекемелеріне демперделер алып беру ұйымдастырыла ма?" деген сұрағымызға Шангереева бюджетте бұл мақсатқа қаржы қарастырылмағанын, ал мемлекеттік сатып алу рәсімі көп уақыт алатынын айтты.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

3 наурыз 2020, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.