Атырау, 4 мамыр 15:42
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қаржы пирамидалары мен ломбардтар: 2 мыңнан астам адам полицияға жүгінді

2 750 просмотра


Өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның 13 өңірінде бұрын тіркелген «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард», «Выгодный займ» атты үш ЖШС бір уақытта өз қызметін бастады. Қаржы кәсіпорындарының негізін қалаушы және басшылары Ақтөбе облысының тумалары. Олар аталған компаниялардың заңсыз қызметін ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтардың мүлкі мен ақшалай қаражатын алу схемасы кеңселерді жайластыру, қызметкерлер штатын жинау және кәсіпорындардың жалған директорларын тағайындап, өңірлік өкілдіктер ашу әрекеттерімен құрылған. Салымшыларды көбірек тарту үшін қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздарының қатысуымен кең жарнамалық науқан жүргізген.

«Whats App» мессенджерінде ЖШС басшылары чат құрып, оған барлық салымшылар кірген. Аталған ЖШС азаматтардан жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жоғары бағамен бөліп-бөліп сатып алған, кейіннен 3-5 ай ішінде клиенттерге мәміле сомасының бір бөлігін төледі, ал осы уақытта қабылданған мүлікті үшінші тұлғаларға нарықтағы бағасынан төмендетіп сатқан.

Бұдан басқа, аталған компаниялар өз клиенттерінен депозит ретінде ай сайынғы сомадан 30-дан 40%-ға дейін сыйақы төлеуге уәде бере отырып, салымдар қабылдаған. Барлық ақшалай қаражат бас офиске құйылатын.

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында серіктестіктердің басшылары өз қызметін бір уақытта тоқтатты және ұрланған ақшамен бой тасалады. 19 ақпан күні «Гарант 24 Ломбард» ЖШС құрылтайшысы, 1993 жылы туған Мырзабеков Аслан Пазылжанұлы «WhatsApp» чатында салымшыларға «Мен сендердің ақшаларыңды қайтармаймын. Сенімдерің үшін рахмет! Тегін ақша әуесқойлары! Бәріңіз сау болыңыздар!» деген хабарлама қалдырды.

Сол күні әр аймақтардағы ішкі істер органдарына азаматтар жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ ақша қаражаттарын заңсыз иеленуге байланысты шағым түсіре бастады. ІІМ Тергеу департаментінің және аймақтық полиция департаменттерінің қызметкерлерінен тез арада жедел-тергеу тобы құрылды.

Қазір қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы 2 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бүкіл республика бойынша компания кеңселерінде тінту жүргізілді, бірлескен қызмет туралы шарттар, бухгалтерлік құжаттама, ноутбуктер, оргтехникалар, зергерлік және басқа да бұйымдар алынды.

Алынған құжаттарға қарағанда компаниялар 42 мыңнан астам адаммен шарт жасасқан. Алдын ала деректер бойынша келтірілген шығын мөлшері 5 миллиард 411 миллион теңгеге бағаланады. Аталған фактілер бойынша 190 (алаяқтық) және 217-бап (қаржы пирамидасы) негізінде 22 қылмыстық іс тіркелді.

13 адам қамауға алынды. Мемлекетаралық іздеудегі 9 күдікті анықталды, оның ішінде А.П.Мырзабеков бар. 

Дереккөз: Polisia.kz

25 ақпан 2020, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.