Атырау, 4 мамыр 13:57
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Жүргізуші үй иесінің емес, заң алдында жауап берді

Сурет Бейнежазба
4 173 просмотра


Атырау әкімшілік сотының қаулысымен Toyota Land Cruiser Prado көлігімен Мырзағали Қазірет көшесіндегі жеке үйге кіріп кеткен 18 жастағы жүргізуші жарты жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сотта құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындаған жоқ. Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы  армян мемлекеттік номері тағылған Volkswagen Jetta автокөлігі алдынан кесіп өткеннен болған. Содан кейін ол рульге әлі келмей, тұрғын үйге соқтығысқан екен. Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі оның сөзін растамады.


Сот қаулысымен Toyota-ның жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы)  кәнілі деп танылып, 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сот қаулысында бұзылған үйдің тұрғындарына төленетін өтемақы туралы ешбір сөз жоқ. «АЖ» тілшісі сол үй тұрғындарының қызы Светлана АМАНОВАҒА жолықты. Үйдің бұзылған жерін уақытша плакатпен жауып қойған.

-Бұл үйде тұру мүмкін емес. Сол оқиғаның кесірінен біз бұрынғыдай қалыпты өмір сүре алмай жүрміз. Жүргізуші алғашында жөндеу жасаймын деген, артынша бас тартты. Ата-анамның баратын жері болмағандықтан, сол үйдің бір бөлмесіне пеш қосып паналап отыр. Үй өте салқын, - дейді Светлана.

Амановтар материалдық шығын өндіріп алу үшін жүргізушіні қалалық сотқа берді. Шығын көлемі 1 млн 600 теңгеге бағаланды.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

19 ақпан 2020, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.