Атырау, 20 мамыр 16:49
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"British Petroleum" ірі көлемде айыппұл төлейді

1 734 просмотра

АҚШ аймағында мұнай өндіру нысандары бар британиялық   "British Petroleum"   компаниясы 4 жарым миллиард доллар көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Бұрын-соңды Америкада осыншама ірі мөлшерде айыппұл төленбеген. Компания 2010 жылы Мексика шығанағында мұнайдың ағылуына қатысты өз кінәсін мойындады. АҚШ-тың Әділет Министрлігінің хабарлауынша, Бритиш петролиум қоршаған ортаны бүлдіріп, 11 жұмысшының өмірін қиған қылмысқа қатысты айыптау бойынша өз кінәсін толық мойындаағн. Сондай-ақ, компания Конгрестің жұмысына кедергі келтіргенін, таза су жөніндегі заң мен жыл құстары туралы келісім шартты бұзғандары үшін жауапкершілікті өз мойндарына алған. Ал, АҚШ-тың Әділет Министрлігі болса, компанияның үстінен сотқа шағымданбайтын болып келісті. Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылдың 20-ы сәуірінде Бритиш петролиумның иелегіндегі мұнай өндіретін платформасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапқан еді.

Дереккөз: khabar.kz

16 қараша 2012, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.