Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тұрғындар тұтынатын электр қуатының сараланған тарифтері мөлшерін жария етті. Естеріңізге сала кетейік, жаңа тарифтер 2020 жылдың 1 наурызынан бастап енгізілді.
1-ші деңгейдегі тариф: электр плиталарын пайдаланып, айына 110 киловатт-сағатқа дейін қуат тұтынатын жеке тұлғалар үшін бұрынғы тариф – киловатт-сағатына 4,09 теңге (ҚҚС-сыз) болса, жаңа тариф 4,28 теңге болды (4,6% -ға өсті). Ақпан айындағы шоттарда 4,79 теңгемен (ҚҚС-мен) есептеледі.
Электр плитасын пайдаланбайтын және айына 90 киловатқа дейін тұтынатындар үшін бұрынғы тариф 3,90 теңге (ҚҚС-сыз) болса, жаңасы 4,08 (өсім 4,6%). Шоттарда 4,57 теңге көрсетіледі.
2-ші деңгейдегі тариф: электр плиталарын пайдаланатын және айына 110 киловатт-сағаттан артық, яғни шамадан тыс тұтынатын, бірақ 190 шегінен шықпайтындар үшін бұрынғы тариф – 5,22 теңге (ҚҚС-сыз) болса, жаңа тариф 5,46 теңге (4,6% -ға өсті). Шоттарда 6,11 теңгеден есептеледі.
Электр плиталарын пайдаланбайтын адамдар үшін айына 90 киловатт-сағат шамасынан асып, бірақ 170 шегінен шықпағандарға – бұрынғы тариф 5,22 теңге (ҚҚС - сыз) болса, жаңа тариф - 5,46 (өсім 4,6%). Шоттарда 6,11 теңге болады.
3-ші деңгейдегі тариф: электр плиталарын пайдаланатындар үшін айына 190 киловатт-сағаттан артық тұтынатын болса, бұрынғы тариф 6,53 теңге, жаңа тариф - 6,83 (өсім 4,6%) теңге, ал шоттар 7,65 теңгемен келеді.
Электр плитасын қолданбайтын және айына 170 киловатт-сағат шамасынан аспайтын болса, бұрынғы тариф 6,53 теңге, жаңасы - 6,83 (өсім 4,6%), шотта 7,65 теңгемен есептеледі.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ