Атырау, 20 мамыр 17:14
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ-тың 7 штаты құрамадан шыққысы келеді

12 344 просмотра
 
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-тың жеті штатының тұрғындары президенттік сайлаудан кейін бір аптадан соң Америка Құрама Штаттарының қатарынан шығу туралы петицияға жеткілікті қол жинаған. Бұл туралы Reuters хабарлап отыр.

«40-тан астам штаттың азаматтары Ақ үйге петиция толтырып, АҚШ-тан бөлінгісі келетіндерін мәлімдеген. Сәрсенбі күні 7 штаттың тұрғындары өздерінің наразылығын ресми түрде әрекет етуге мәжбүрлейтіндей қол жинаған» - делінеді агенттік таратқан хабарламада.

Бұрынырақ Ақ үй өзінің ресми сайтында «Біз - халықпыз» деген бөлім ашып, онда тұрғындардың өздерін мазалап жүрген кез келген мәселе бойынша өтініш жазуларына рұқсат берген болатын. егер де қандай да бір мәселеге байланысты американдықтардан 25 мыңнан астам қол жиналса, Ақ үй сол мәселені қарауға міндетті.

Осылайша, АҚШ-тан бөліну туралы шешімді 7 штат белсене қолдаған. Бұлардың арасында Техас штаты 100 мың дауыспен алда келе жатыр. Бұл штат барлық сайлауларда дәстүрлі түрде Республикандықтарға дауыс береді (Обама демократтардың өкілі).  Қалған алты штат - Луизиана, Флорида, Солтүстік Каролина, Алабама, Джорджия және Теннесси штаттарының әрқайсысы 30 мың қолдан жинаған. Бұл жеті штаттың ішінен тек Флоридада ғана сайлауда Барак Обаманы жақтағандардың саны көп болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

16 қараша 2012, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.