Жақында Атырау қаласындағы мал сою цехының ауласында полиция қызметкерлері құжатсыз 20-ға жуық жылқы тұрғанын анықтады.
Малдың иесі Қызылқоға ауданы Жанкелдин ауылының тұрғыны екен. Ол өзінің қырда жүрген жылқыларының барымталанғанын да білмепті.
Атырау облысының ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде осы іске қатысы бар деген Мақат және Қызылқоға ауданының екі тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі («Мал ұрлау») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде. Бұлар барымталанған осы үйірден басқа тағы да бір мал ұрлығы фактісіне күдіктеліп отыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА