Атырау, 28 сәуір 10:48
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Барлығы өзіміздікі, бағаны алыпсатарлар өсіріп отыр»

2 847 просмотра


21 қаңтарда облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Қайрат НҰРЛЫБАЕВТЫҢ қатысуымен брифинг өтті. 

Шенеунік 2019 жылдың қорытындысы бойынша жақсы жетістіктерге тоқталды: мал басы өсіп жатыр, егістікте өнім молайған және 80 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілген.

«АЖ» сұрақтары:

- Облыстың ауылшаруашылық өнімдері тұрғындар қажеттілігінің неше пайызын өтеп отыр?

- Бізде тұтынушылар жергілікті картоппен 44%, көкөніспен 118% қамтылуда, жұмыртқаны жылына қажетті 96 млн данаға 101 млн дана өндіріп отырмыз. Етпен 109% қамтылып отыр.

- Онда базарларда баға неге жоғары?

- Үкімет қаулысына сай азық-түліктің 19 түрі бойынша мониторинг жүргізіліп келеді. Базар өз бағасын қойып отыр. Тіпті, біз жеңілдік орындарын бөлсек те, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өнімдерін жинау және оны сатумен қатар айналыса алмайды. Сондықтан алыпсатарлар пайда болады. Бірақ біз маусымда тұрғындарды жасыл көкөніспен толық қамтып отырмыз.  Күзде тұрақтандыру қорына 1115 тонна азық-түлік өнімдерін сатып алдық, оның ішінде 700 тонна картоп, 315 тонна сәбіз, 150 тоннадан  орамжапырақ пен жуа бар. Бұл өнімдерді біз қалада төрт орында сатып жатырмыз.  Сапасы жағынан бұлар басқа жақтан әкелінген өнімдерден еш кем емес.

Сондай-ақ, біз астық бойынша да тұрақтылық шараларын жүргіздік. Қазір нанның орташа бағасын 85 теңге көлемінде ұстап тұрмыз. Қараша-желтоқсанда тұрақтылық шараларын жүргіздік. 2020 жылға 1060 тонна астық сатып алдық. Сіздерді бізде бағаны ұстап тұрудың барлық тетіктері бар деп сендіре аламын.

- Маусым бойынша қанша рет азық-түлік бағасына тексеру жүргіздіңіздер?

- Өткен күзде бір рет тексердік. Әрбір тоқсан сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің 19 түрі бойынша бағаларын қарап отырамыз. Біз 2020 жылдың әрбір тоқсанына осы азық-түліктердің барлық түріне шекті бағаны үкіметте бекітіеміз. Бүгінгі таңда тек бір ғана өнімнің - жұмыртқаның бағасына шектеу алынып тасталды. Қазір үш жақты – статистика департаменті, қалалық әкімдік және біздің басқарма тарапынан мониторинг жүргізіліп жатыр.

- Жұмыртқаның бағасы қаншаға қымбаттады?

- Шекті бағадан 11% жоғарылады. Комиссия құрылып, шаралар қабылдаймыз. Біз құс фабрикаларының иелерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Өкінішке қарай, дән мен жем бағасы өскен. Бағаны тұрақтандыру бойынша шараларды біз баға 15% көтерілген жағдайда қолдана аламыз.  

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті түсірген автор

23 қаңтар 2020, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.