Атырау, 28 сәуір 00:34
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

16 қабатты үйдегі өрт: тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

Сурет
3 089 просмотра


Атырауда Алмагүл ықшамауданында 22 қаңтарға қараған түні 16 қабатты тұрғын үйдің 9-12 қабаттарындағы электр қалқандары өртенді. Өрт сөндірушілер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді.



- 22 қаңтарда сағат 01:46-да «101» пультіне Алмагүлдегі 16 қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері 9-қабат пен 12-қабат аралығындағы электр желісінің сымдары жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер дереу тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, өрт сөндіруге кірісті, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі. - Құтқару құралдарының көмегімен сатылар арқылы 10 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды, 25 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді.



Мамандар өрт себебін анықтауда.

Фархат ӘБІЛОВ

22 қаңтар 2020, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.