Атырау, 28 сәуір 01:01
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Прокурор «Тойота» көлігінің жүргізушісіне екі жарым жыл жаза беруді сұрады

3 190 просмотра


№2 Атырау қалалық сотында өткен жылдың 21 қыркүйегінде Баймұханов көшесінде жасөспірімді қағып өлтірген Toyota Camry-50 көлігінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты басталған сот процесі аяқталып қалды. Прокурор Гүлфайруз ҚҰСАЙЫНОВА оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

- Біз соттан айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы (Адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша кінәлі деп тануды және екі жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы түрінде қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде (қоныс колониясында) жазасын өтеуді белгілеуіңізді сұраймыз, - деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы.

Бұдан бұрын «АЖ» хабарлағандай, сотталушы өз кінәсін толық мойындағандықтан прокурормен процессуалдық келісім жасағысы келетіндігін білдірді. Алайда, олай болмады, өйткені тараптар ұсыныстар бойынша келіспеді: Toyota жүргізушісі шартты жаза сұрады, ал прокурор екі жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынған еді.

Бүгін судья Жұмағали ТӘШІМОВ үкім шығарады.

Фархат ӘБІЛОВ

22 қаңтар 2020, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.