Атырау, 28 сәуір 12:02
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атыраулық тастанды сәбидің анасын дәрігерлер тексеруде

2 597 просмотра


Авангардта жылу құбырына жаңа туған шақалақты тастап кеткен 21 жастағы оралдық бойжеткеннің облыстық перинатальдық орталыққа жатқызылғаны «АЖ»-ға  белгілі болды. Ал баланың жағдайы жақсарып келеді.

 – Босанғаннан кейін әйелдің ағзалары қалпына келуі керек, сондықтан да ол дәрігерлердің бақылауында жағдайы түзелгенге дейін болуы тиіс. Оның баланы ауруханада босанбағаны, дәрігерлердің бақылауында болмағаны белгілі. Сондықтан да ол перинатальдық орталыққа жатқызылды, -  деп хабарлады «АЖ»-ға денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. – Жалпы алғанда оның денсаулығы қалыпты жағдайда, босанғаннан кейінгі қандай ма бір қауіпті асқынулар жоқ.

Тағы бір белгілі болған жайт, қыз ешкімнің көмегінсіз өзі босанған. Қазір тергеу шаралары жалғасып жатыр. Тергеуге алынған бойжеткеннен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

Фархат ӘБІЛОВ

21 қаңтар 2020, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.