Атырау, 28 сәуір 00:36
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атыраудың жаңа әкімі мәслихатта алғашқы мәлімдемесін жасады

4 309 просмотра


20 қаңтарда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы болды. Депутаттар Атырау, Еркінқала және Қайыршақты ауылдық округтері әкімдерінің есебін тыңдады. Сондай-ақ, №15 сайлау округінен сайланған өз әріптестері Қанат ӘЗМҰҚАНОВТЫҢ басқа жаққа көшуіне байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату ұсынысын қабылдады.

 Депутат Салтанат РАХИМОВА сөз алып, барлық ауылдық округтерде қылмыстың өсіп отырғанын және оның ашылуының төмен екендігін тілге тиек етті.

Сөзге қаланың жаңа әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ араласты:

– Бұл мәселеге қатысты құқық қорғау органдарының қатысуымен мәжіліс жасау керек. Президент халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тапсырма берді. Сондықтан да бұған жол беруге болмайды.


Сессия соңына қарай ол тағы да сөз алды:

 – Сенбіде толассыз қар жауды. Менің ойымша, Арнаулы автобаза жұмысы дұрыс ұйымдастырылған, бірақ техника жетіспейді. Мен мекеменің есеп-қисабымен әлі таныса қойған жоқпын. Тайғақ пен қар адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсер етпеуі керек. Қалада көлік қозғалысы да тоқтамауы тиіс.

…Көгалдандыру бойынша: жүргізілген жұмыс көрсеткіші отырғызылған көшет санымен емес, жерсініп, көктеген желектер есебімен бағаланатын болады.

Коммуникация бойынша: Зарослыйда елді мекен салынғанымен, электр желісі тартылмаған. Талғайраңда да жақсы үйлер салынған, бірақ онда газ, жарық, жол жоқ. Сондықтан алдымен басталған істерді ретке келтіреміз, содан кейін ғана басқасын қолға алатын боламыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген Анастасия АЛЮШИНА

21 қаңтар 2020, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.