Атырау, 2 мамыр 09:42
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда жаңа әкім

Бейнежазба
3 924 просмотра


Бүгін, 17 қаңтарда, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қала активіне Атыраудың жаңа әкімі - Қайрат ОРАЗБАЕВТЫ таныстырды. Естеріңізге салсақ, 14 қаңтарда бұрынғы әкім Алимұхаммед Құттұмұратұлы өз еркімен жұмыстан босаған еді. 

Қайрат Құлымұлы Оразбаев 1963 жылы 8 тамызда Атырау облысында дүниеге келген. 1987 жылы Қазан қаласының химия-технология институтын Мұнай өңдеудің химиялық технологиясы мамандығы бойынша бітірді. Квалификациясы: инженер-химик-технолог.

1987-1996 жылдары № 1 цехтың алкилация қондырғысының бастығы, № 4 цехтың бастығы, эстакада бастығы, № 4 цех бастығының орынбасары, цех бастығы қызметтерін атқарды. Мұнай өнімдерін есепке алу мен тарату жөніндегі өндіріс секторы (кейіннен бөлім) жұмысын ұйымдастырумен айналысты және бөлім бастығы болды.


1997 жылғы наурыздан бастап 2002 жылғы қаңтарға дейін "ҚазақОйл" ҰК-да Техникалық саясат департаментінің жетекші маманы, аға эксперт, Мұнай және газды өндіру мен тасымалдау департаментінің менеджері, "АМӨЗ" ААҚ қайта құрылымдау жоба басқармасы департаментінің сектор меңгерушісі, "АМӨЗ" ҰК "ҚазақОйл" ААҚ қайта құрылымдау жоба басқармасы дирекциясы Бас менеджерінің орынбасары.

2001-2007 жылдарда "АМӨЗ" ААҚ салынып жатқан кәсіпорнының директоры - Дамыту жөніндегі Вице-президенті, "АМӨЗ" ЖШС күрделі құрылыс және дамыту жөніндегі директоры.

2007 жылғы қыркүйектен бастап өндірістік-техникалық және құрылыс қызметтерін басқарып - Бас директордың бірінші орынбасары - бас инженер қызметін атқарды. Кейіннен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да Маркетингтік анализдеу департаментінің директоры, мұнай өңдеу және мұнай-химия дамыту жөніндегі директордың орынбасары қызметтеріне ауыстырылды. "АМӨЗ" ЖШС-нің Дамыту жөніндегі Бас директордың орынбасары, Бас директордың дамыту және модернизация жөніндегі бірінші орынбасары.

2013 жылғы 2 шілдеден бастап "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің бас директоры болған.


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 қаңтар 2020, 20:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.