Атырау, 20 мамыр 06:16
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Хорватияда оппозиционер президент сайлауында жеңіске жетті

1 902 просмотра


Хорватиядағы президент сайлауында оппозициялық кандидат, социал-демократ Зоран Миланович жеңіске жетті, деп хабарлайды ТАСС.

Миланович берілген дауыстардың 54%-ын алды, ал оның қарсыласы - республиканың қазіргі президенті Колинда Грабар-Китарович 46% дауыс жинаған, делінеді.

Колинда Грабар-Китарович саясаттағы сәнді киінетін әйел ретінде әлемге танымал еді.

Бірнеше жыл бұрын Колинданың демалыс кезінде бикинимен түскен суреті әлемдік БАҚ-тарда тараған. Толықтау денелі Грабар-Китаровичтің тартымды мүсініне талай адам тамсанған.

Дереккөз: Zakon.kz

6 қаңтар 2020, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.