Атырау, 20 мамыр 06:15
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Президент барлық зейнеткердің кредитін жауып берді

2 420 просмотра


Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга 2020 жылғы парламент сайлауының қарсаңында жомарттық танытып, елдегі барлық зейнеткердің кредитін кешірді.

Президент мерекелік бейнеүндеуінде зейнет жасындағы азаматтардың кредит бойынша қарызы кешірілетінін жариялады, деп хабарлайды Росбалт.  

Жалпы алғанда 200 мыңдай борышкердің кредиті жабылмақ. Олардың дені әжептәуір ірі сома төлеп жүрген.

"Моңғолияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі қарыздан құтылуға көмектесу мақсатында барлық зейнеткердің кредитін өтеп беру туралы шешім қабылдағанын қуана хабарлаймын", - деді Баттулга.

Бұл ретте басылым мұндай шешімдерді ұлттық қауіпсіздік кеңесі емес, парламент қабылдайтынын атап өткен.

Дереккөз: Sputniknews.kz

6 қаңтар 2020, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.