Атырау, 20 мамыр 03:32
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Монреальда ұшақ әуеге көтерілу кезінде дөңгелегінен айырылды

1 775 просмотра


Air Canada компаниясының үлестік жолаушылар ұшағы Монреальдан Сагеней бағытында ұшып шығып, қайта оралуға мәжбүр болған. CBC телеарнасының мәліметінше, ұшақ шассиінің дөңгелегі жұлынып қалған, - деп хабарлайды РИА Новости

Bombardier Dash 8-300 ұшағының қайта қонуына техникалық ақау себеп болған. 43 жолаушы мен үш экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ.  "Біздің тәжірибелі ұшқыштар ұшақты толық өз бақылауында ұстады. Біздің мамандар осындай жағдайларда дереу әрекет ету үшін дайындықтан өтеді, олар белгіленген ереже бойынша ұшақты қондырды", - делінген Jazz Aviation компаниясының өкілдері телеарнаға берген сұхбатында.  Ұшақ жанармай таусылмай тұрып, әуе кемесі Монреаль әуежайына қонды. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

5 қаңтар 2020, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.