Атырау, 20 мамыр 04:37
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Генералдың қазасынан кейін мұнай бағасы қымбаттады

2 615 просмотра


Бағдадта иран генералы Касим Сулеймани қаза тапқаннан кейін әлемде мұнай бағасы көтеріліп кеткен. Brent маркалы мұнай бағасы 3%-ға артып, баррелі $68,25 болған.

Бұл туралы сауда нарығындағы деректерден байқауға болады. Бағаның ең көп көтерілген мөлшері – мұнай баррелі $68,86 болған кез еді. 

Әлемдік БАҚ беттерінде хабарланғандай, кеше Бағдадта Ислам революциясы сақшыларының корпусы «Кудс» арнайы бөлімінің басшысы Касим Сулеймани қаза тапқан болатын. АҚШ Қорғаныс министрлігі генералдың Құрама Штаттар президенті Дональд Трамптың бұйрығымен өлтірілгенін мәлімдеді. Ал Иран тарапы Касим Сулейманидың өлімі үшін АҚШ-тан кек қайтаратынын айтты. 

Дереккөз: Azattyq Rýhy

3 қаңтар 2020, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.