Атырау, 20 мамыр 23:45
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда браконьерлерге жаза күшейтілді

2 666 просмотра


ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов браконьерлік қылмысы үшін жазаны күшейту шараларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңы арқылы заңсыз аң аулау (ҚК 335-бабы) және заңсыз балық аулау (ҚК 337-бабы) теріс қылықтан ауырлығы орташа қылмыстар санатына ауыстырылды. 

«Аталған фактілер үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 10 млн теңгеге дейін айыппұл салу қарастырылған. Қорықтағы балықтардың сирек кездесетін түрлеріне және Қызыл кітапқа енгген жануарларды заңсыз аулау үшін 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал қылмыстық топтың құрамында немесе аса ірі мөлшерде қылмыс жасалса – 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген», - деді Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен бірге, қылмыс құралдарын, көлік құралдарын және браконьерлердің мүлкін міндетті түрде тәркілеу енгізіледі. Айта кетейік, Марат Ахметжанов еліміздегі қылмыс ахуалы туралы, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңын түсіндірді. Аталған заңға ҚР Президенті 2019 жылдың 28 желтоқсанында қол қойды және 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Дереккөз: Inform.kz

30 желтоқсан 2019, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.