Атырау, 20 мамыр 04:17
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ресей билігі тағы шатасты

3 126 просмотра


Ресей билігі екі бірдей электрондық пошталық қызметін ФСБ-мен бірлесіп жұмыс істеуден бас тартқаны үшін жауып тастауды соттан сұрап отыр.

Алматы, NEGE. Роскомнадзор интернет арқылы жұмыс істейтін scryptmail.com пен mailbox.org электрондық пошта-байланыс қызметтерін ел аймағында жұмыс істеуге тыйым салу үшін сотқа шағым түсірді. Себеп, аталмыш екі сайттың басшылықтары өз тұтынушылары жөнінде ФСБ-ге ақпарат беріп отырудан бас тартып, серіктестік қызметтен бас тартқан.

Бұл Роскомнадзордың әлемге танымал Telegram мессенджерін бұғаттап тастамақ боп, сәтсіз аяқталғаннан кейінгі екінші әрекеті. Екі пошталық қызмет те жуырда өз тұтынушыларының қауіпсіздігі мен жеке ақпараты сенімді сақталатынын айтып, өздері арқылы қылмыстық әрекеттер, жасырын қаржылық істер секілді күмәнді жұмыстарды болдырмайтынын жария еткен болатын.

Дереккөз: Nege.kz

26 желтоқсан 2019, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.