Атырау, 18 мамыр 18:18
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қытайда шахтада болған жарылыстан 14 адам қаза тапты

2 288 просмотра


Қытайда көмір шахтасындағы жарылыстан 14 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Синхуа агенттігі. 

Агенттіктің мәліметінше, Қытайдың Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысында көмір шахтасында көмір мен газ қопарылып, салдарынан 14 адам қаза тапты, тағы екеуі жер астында қалып қойды. 

Жарылыс сейсенбіде түнгі сағат 01:00-де болған. 7 кенші қауіпсіз жерге шығарылған. 14 адам қаза болған, ал екеуі жер астында қалып қойған. Қазіргі уақытта, дереккөз мәліметінше, құтқару шаралары жалғасып жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

17 желтоқсан 2019, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.