Атырау, 18 мамыр 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әзербайжанның билік басындағы партиясы парламентті таратуға кеңес берді

1 860 просмотра


Ени Әзербайжан билеуші партиясы (ЕӘП) саяси кеңесінің отырысы барысында партия атынан сайланған парламенттегі депутаттарға парламентті тарату туралы бастаманы көтеруге кеңес берілді. 

Бұл туралы вице-премьер, басқарушы партияның атқарушы хатшысы – төраға орынбасары Али Ахмедов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Сондай-ақ, ол Саяси кеңесте ел парламентіндегі реформалардың жалғасуына қатысты мәселелер талқыланды. Осы елде жүргізіліп жатқан реформалар қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтиды.

Аталған өзгерістердің мақсаты – республиканы дамыту, экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Оның айтуынша, қазіргі таңда атқарушы билік пен сот-құқық жүйесінде реформалар жүріп жатыр. 

Реформаның тұжырымдамасы толықтай бір жүйеге енгенше, өзгертулер барлық үш тармақта жүргізілуі тиіс. Партия мүшелері заң шығарушы билік шетте қалып қоймауы керек деген байламға келді. Парламентте ЕӘП үлесі басымырақ. Саяси кеңес депутаттық корпусқа мемлекет басшысына парламентті тарату туралы бастаманы көтеруге кеңес берді.

Дереккөз: Inform.kz

29 қараша 2019, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.