Атырау, 20 мамыр 16:12
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Кореяда сөйлейтін піл табылды

2 569 просмотра
Ғалымдар Оңтүстік Кореядағы хайуанаттар бағында адамша сөйлеудің дыбыстарын келтіре алатын пілді тапты.

 Йонъин қаласындағы «Эверленд» мекемесінде тұратын Кошик есімді жануар «сәлем», «жақсы», «жат», «жоқ» және «отыр» сөздерін айта алады, деп хабарлайды Sky News.

Вена университетінің зерттеушілері осындай жаңалыққа ерекше таңқалды. Олар жануардың  айтып отырған сөздерін түсінбейтінін, бірақ оның осыған қабілеттілігі тек жануардың ғана емес, адамдардың да сөйлеу дамуын зерттеу бағытын түбегейлі өзгерте алатынын атап өтеді.

Жануар мүмкін хайуанаттар бағының қызметкерлерін естіп, «сөйлеген»  болар. Яғни, Кошиктің сөздері пілді қараушылардың сөздерін қайталауға ұқсайды. Кошик туралы жаңалық бүкіл елге тарап кетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 қараша 2012, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.